Мерекелер — діннің бір бөлігі

Share

Мерекелер — діннің бір бөлігі

 

┈••••❁❁••••┈

 

Уа Аллаһтың құлдары, мейрамдар — адамның діни көзқарастарын көрсететін  діннің ажырамас бөлігі екенін еске саламын, сондықтан Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшіп келіп, адамдардың екі мерекені (Наурыз мен Махраджан) тойлап жатқанын көргенде, бұл күндер жайлы сұраған. Оған біз бұл күндері тойлап, қуанамыз деп жауап берді. Сонда ол оларға: «Аллаһ Тағала бұл күндерді сендерге екі жақсырақ күндермен алмастырды: Ораза айт пен Құрбан айт», — деді. [1]

 

⛔️ Сондықтан да, Жаратушыларың, Құдіретті Раббыларың сендерге орнатқан мерекелерден басқа мерекелерді тойлауға болмайды. Сендерге оларды құттықтауға болмайды, оларға қатысуға болмайды, олардың мерекелеріне көмектесуге болмайды.

 

مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ

 

«Кім қандай бір халыққа еліктесе, өзі солардан [олардың қатарынан]». [2]

 

[1] Анас ибн Мәликтің (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені жеткізіледі: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келген кезде оның тұрғындарында [ансарларда] ойнайтын [ойын-сауық ұйымдастыратын] екі мереке [Наурыз және Махраджан] болған. Ол олардан: «Бұл қандай күндер?» — деп сұрады. Олар: «Бұл күндер — біз джахилия кезінен ойнап, көңіл көтерген күндер», — деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Расында, Аллаһ сендер үшін оларды олардан жақсырақ екі (мереке күндерімен) алмастырды: Құрбан айт (Ид аль Адха) және Ораза айт [Ид аль Фитр]». Хадисті Абу Дәуід (1134) жеткізген. Шейх аль-Албани: «Сахих хадис», – деген. Бұл хадистің иснады Муслимнің шарттарына сәйкес сахих, солай деп әл-Хаким де айтқан, онымен әз-Захаби келіскен. Сахих Абу Дауд (4/297).

 

[2] Абу Дәуід, Ас-Сунан, хадис № 4031. Шейх аль-Албани «Иръуа-у-ль-галильде» (5-том, 109-бет) хадисті растады.