Барлық нығметтер АллаҺу Таъляның Қолында,
Ол – ризық Беруші (Ар-Роззақ).
Уа, иман келтірген Аллаһтың құлдары, Аллаһтан қорқыңдар және естеріңде болсын, иманның ең ұлы бөлігі әрі ең ұлы көріністерінің бірі болып Аллаһты тану
(Ол Пәк және әрі Аса Жоғары), Оның көркем есімдері мен ұлы сипаттарын білу.
Аллаһу Таъля Құран Кәрімде айтқандай:
وَلِلَّهِ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا
«Ең көркем есімдер – Аллаһтікі. Сол есімдер арқылы Одан тілеңдер.»
(Құран, Әл-Ағраф сүресі, 7:180)
Және де, біздің қазіргі күндерде, Аллаһтың құлдарына, ерекше қажеттілік туындайды Аллаһтың » Ризық Беруші » деген есімін білу. Дегенмен де, барлық кезде әрқашан бүкіл жерде адам баласы Аллаһу Таъляның барлық есімдерін Құран мен Сүннет аясында білу, түсіну және де ойлану қажет.
Сонымен ең ұлы әрі көркем есімдерінің бірі – әр-Роззақ ( Ризық Беруші ). Аллаһу Таъля бұл есімді Құран Кәрімде айтып кеткен. Ол Аллаһ айтады:
إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِين
«Ақиқатында, Аллаһ – әр-Роззақ (Ризық Беруші), күш-қуат Иесі,
Әл-Мәтин (өте Мықты).»
(Құран, әз-Зариат сүресі, 51:58)
және де Құранда:
وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
«… Ақиқатында Аллаһ ризық Берушілердің ең жақсысы.»
(Құран, Хадж сүресі, 22:58)
Бұл есім нығмет Беруші сипатының бірі, және бұдан да басқа көп аяттар бар, Аллаһтың осы ұлы есімін меңзейтін Ар-Роззақ дегеніміз – Оның Қолында барлық нығмет, сондай сол нығметке мұқтаж болған оның жаратылыстары, өмір сүруге керектінің бәрі Оның Қолында деген. Аллаһу Таъля кімге қаласа ризығын кеңейтеді және кімге қаласа тартылады.
Бүкіл әлемді басқару тізгіні мен бүкіл аспан мен жердің қазынасы Аллаһтың қолында. Ол Құран Кәрімде былай дейді:
وَمَا مِن دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ إِلَّا عَلَى اللَّهِ رِزْقُهَا وَيَعْلَمُ مُسْتَقَرَّهَاوَمُسْتَوْدَعَهَا
«Жер бетінде ризығы Аллаһтан болмаған бірде бір жан жоқ. Ол олардың
(осы өмірдегі) тұрағын және (өлгеннен киінгі) сақталатын өмірін барлығы анық кітапта (Ләухуль-Махфузда) жазулы.»
(Құран, Худ сүресі, 11:6).
және тағы бір аятта:
وَكَأَيِّن مِّن دَابَّةٍ لَّا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اللَّهُ يَرْزُقُهَا وَإِيَّاكُمْ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
«… Аллаһ Таъаля оларды да, сендерді де қоректендіреді. Ол тым Естуші, Білуші.»
(Құран, Ғанкабут сүресі, 29:60)
және тағы Құранда:
إِنَّ رَبَّكَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّهُ كَانَ بِعِبَادِهِ خَبِيرًابَصِيرًا
«Ақиқатында Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді де шектеп қояды (тарылтады). Ол құлдарынан Хабардар, Көріп Тұрушы.»
(Құран, Әл-Исра сүресі, 17:30)
және тағы бір аятта:
وَاللَّهُ يَرْزُقُ مَن يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
«… Аллаһ Таъаля қалағанын есепсіз ризыққа бөлейді.»
(Құран, Бақара сүресі, 2:212)
Сондықтан да, уа Аллаһтың құлдары, барлық нығметтер Аллаһтың Қолында. Біздің тұрмыс — тіршілігіміз, қорегіміз, сусынымыз, барлық мұқтаж болған нәрсеміз тек бір Аллаһтың Қолында. Ол сондай, кімге қаласа береді немесе алып қояды, тарылтады не кеңейтеді, кімді қаласа түсіреді не көтереді, ұлықтайды не масқаралайды. Бүкіл билік тізгіні Оның Қолында. Тек қана Оның қалағаны болады, қаламағаны мүлдем орындалмайды. Одан басқа ешкімде күш қуат жоқ. Уа Аллаһтың құлдары, осы ризық мәселесі Құранда кеңінен түсіндіріледі. Құранда осы мәселе екі формада және екі контекстте түсіндірілген:
1-шісі: Аллаһ Таъаля Өзінің құлдарына деген мейірімділігін, қайырымдылығын, оларға беріп жатырған сый-сыяпаттары оларға деген құрмет көрсетуі екенін айтады. Ол Исра сүресінде былай дейді:
وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُم مِّنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَىٰ كَثِيرٍ مِّمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلًا
«Ақиқатында Біз Адамның ұрпақтарын қадірледік. Оларды құрлықта және теңізде жүргіздік, әрі оларға жаратқандарымыздың көбінен басым артықшылық бердік.»
(Құран, Исра сүресі, 17:70)
Сонымен 1-ші аспектте ризық жөнінде түсіндіріледі. Бұны Аллаһу Таъаля Өзінің құлдарына деген қайырымдылығы жөніндегі аяттарда айтады.
Ал 2-ші аспектте Ол Өзінің ризық Беруші (әл-Роззақ) екенін еске сала отырып, тек қана Өзіне ғана құлшылық қылуға, бой ұсынуға, таухидке шақырады. Құран Кәрімде:
يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُوا رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ فِرَاشًا وَالسَّمَاءَ بِنَاءً وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَّكُمْ فَلَا تَجْعَلُوا لِلَّهِ أَندَادًاوَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ
«Ей адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды да жаратқан, өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар, тақуа болуларың үшін. Сол [Аллаһ] сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратты. Әрі аспаннан су түсіріп, сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарды. Енді біле тұра, ешкімді Аллаһқа серік қосып теңестірмеңдер.»
(Құран, Бақара сүресі, 2:21—22)
Аллаһтан басқа Жаратушы жоқ және Одан басқа ризық Беруші жоқ екенін білсеңдер, онда Оған ешкімді теңестірмеңдер (серік қоспаңдар). Сол үшін Аллаһу Таъаля Құранда тек қана Өзінің ризық — несібе Беруші екенін еске сала отырып, өзіне серік қосуды жоққа шығарады.
يَا أَيُّهَا النَّاسُ اذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ ۚ هَلْ مِنْ خَالِقٍ غَيْرُ اللَّهِ يَرْزُقُكُم
«Ей адамдар! Аллаһтың сендерге берген игілігін естеріңе алыңдар. Аллаһтан басқа аспан мен жерден сендерге ризық беретін бір Жаратушы бар ма?»
(Құран, Фатыр сүресі, 35:3)
Сонымен, ризық тек бір Аллаһтың қолында. Ал оның беретін игілігі 2 түрге бөлінеді, уа Аллаһтың құлдары.
1-шісі: Ол жалпыға ортақ игілік, ортақ ризық, бұл бәріне беріледі, кәпірге де мұсылманға да, күнәһар мен ізгі-салиқалыларға да. Өткен аяттарымыздың бірінде:
وَمَا مِن دَابَّةٍ فِي الْأَرْضِ إِلَّا عَلَى اللَّهِ رِزْقُهَا
«Жер бетінде Ризығы Аллаһтан болмаған бірде бір жан жоқ…»
(Құран, Худ сүресі, 11:6)
яғни, Аллаһу Таъаля барлығына: мұсылман мен кәпірге, ізгілер мен күнәһарларға ризық беруді Өзіне міндет етті. Ол Құранда былай деді:
كُلًّا نُّمِدُّ هَٰؤُلَاءِ وَهَٰؤُلَاءِ مِنْ عَطَاءِ رَبِّكَ ۚ وَمَا كَانَ عَطَاءُ رَبِّكَ مَحْظُورًا
«Біз Раббыңның сыйынан барлығына, аналарға да (осы өмірді қалағандарға), мыналарға да (мәңгілік өмірді қалағандарға) береміз. Әрі Раббыңның сыйына шектеу қойылмайды.»
(Құран, Әл-Исра сүресі, 17:20)
тағы бір аятта:
انظُرْ كَيْفَ فَضَّلْنَا بَعْضَهُمْ عَلَى بَعْضٍ
«Біз оларды (бұл дүниеде) бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара».
яғни, кейбіреулеріне байлық, дүние-мүлік, кең несібе беріледі. Ал кейбіреулеріне тар, шектеулі несібе беріледі. Біреулерін бай қуатты етіп, біреулерін кедей-кепшік етеді
وَلَلْآخِرَةُ أَكْبَرُ دَرَجَاتٍ وَأَكْبَرُ تَفْضِيلًا
«Ал соңғы мәңгілік өмір (ахирет), күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен»
(Құран, Әл-Исра сүресі, 17:21)
Бұл Аллаһтың жалпыға ортақ ризығы, жалпыға ортақ сыйы. Біз айтқанымыздай, азық, сусын, киім-кешек, баспана т.с.с. барлығына да беріледі. Бірақ бұл берілгендер, Аллаһу Таъаляның жақсы көргендігінің әрі Оның разы болғанының белгісі емес, неге десеңіз осы дүние қызығы мен оның рахатын Аллаһу Таъаля қалаған құлына береді, сүйетін құлдарына да және сүймейтін құлдарына да.
Ал мәңгілік өмірге келетін болсақ (ахирет), онда ол тек қана Аллаһтың сүйген құлдарына беріледі. Қараңдаршы, Аллаһтың бұл туралы Құранда қалай түсіндіретіні. Ол:
فَأَمَّا الْإِنسَانُ إِذَا مَا ابْتَلَاهُ رَبُّهُ فَأَكْرَمَهُ وَنَعَّمَهُ فَيَقُولُ رَبِّي أَكْرَمَنِ وَأَمَّا إِذَا مَا ابْتَلَاهُ فَقَدَرَ عَلَيْهِ رِزْقَهُ فَيَقُولُ رَبِّي أَهَانَنِ كَلَّا
«Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игікілікке бөлесе, ол: «Раббым мені құрметтеді»,-дейді. Ал қашан оны сынап, ризық несібесін тарылтса, онда ол: «Роббым мені қорлады»,- дейді. Жоқ, олай емес!»
(Құран, Фаджр сүресі, 89:15—17)
Сіздер ойлағандай емес-егер де Аллаһу Таъаля адам баласына дүние мүлікті көп берсе, онда ол құрметтелгеннің, жақсы көргеннің айғағы емес және сол сияқты несібесін тар қылса, ол оны қор қылғаны деген емес. Жоқ!
«Әсте олай емес!»,—
дейді Аллаһу Таъаля. Бұның бәрін Раббымыз тек сынақ үшін берген. إِبْتِلَاءٌ (ибтиля). Біреуді Аллаһ Таъаля байлықпен, біреуді кедейшілікпен, біреуді зор денсаулықпен, біреуді есен-амандықпен, ал біреуді апат-қайғымен сынайды. Бұның бәрі тек емтихан ғана, Аллаһтың сынауы мен тексеруі. Біреуге сол сынақты байлықпен өтуге, біреуге кедейлікпен өтуге тура келеді. Негізгі мәселе ол — адам баласы осы сынақты қалай өтетіні.
Ризықтың 1-ші түрі — жалпыға ортақ ризық, ол бәріне беріледі, иманды мен кәпіпге, күнәһар мен ізгі-салиқалыларға.
Ал 2-ші түрі — ерекше ризық, ерекше несібе, Аллаһтан болған. Ол тек Аллаһтың иманды құлдарына беріледі.
Ерекше ризық, ерекше несібе дегеніміз не? Бұл — Тура жолға бастау (الْهِدَايَةُ – аль-Хидая), бұл иман , бұл Таухид (Аллаһты бірлеу), бұл Аллаһу Таъаляның адамды шайтаннан сақтауы, адамды өзінің нәфсіне еруден сақтауы, бұл да ризық болып саналады және бұл тек Аллаһтың салиқалы құлдарына беріледі. Аллаһтың осындай иман келтірген құлдарына, олардың барлық нығмет тек бір Аллаһтың Қолында екенін білгеннен кейін, міндетті түрде Аллаһтан осы 2 түрлі ризықты сұрауға асығу керек, жалпыға ортақ ризықты және ең маңызды болған ерекше ризықты. Иман ризығын, таухид ризығын.
Біздің әрбіріміз молшылықта өмір сүруді, ризық несібені қалаймыз. Ал ризық-несібенің келуінің ең басты құралы – иман мен тақуалық болып табылады. Аллаһу Таъаля айтады:
وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ
«Кім Аллаһтан қорқып (оның тыйғандарынан) сақтанса, ол оған кез-келген тұғырықтан шығатын жол береді және оған ойламаған жерден ризық-несібе береді»
(Құран, Талақ сүресі, 65:2—3)
Осыған меңзейтін аяттар өте көп. Сондықтан, қорытындылай келе не айтамыз? Бұл мәселеде, әрбіріміздің міндетіміз: «Қалай ризық табамыз?», «Қалай молшылыққа қол жеткізуге болады?», «Ризық табудағы ауыртпашылықтан қалай айналып өтуге болады?»,— деген сұрақтарға жауап, бұл – 1-шіден Аллаһу Таъаляға ақиқи, шынайы дұғамен жалбарыну, осындай тілекпен асығу керек. Дәл осылай жалбарынып сұрауды Аллаһу Таъаляның Өзі бізге үйретіп кеткен:
وَارْزُقْنَا وَأَنتَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
«Сондай-ақ бізге ризық бере гөр! Сен ең хайырлы ризық Берушісің.»
(Құран, Әл Маида сүресі, 5:114)
2-шіден, күнәдан және қате-кемшіліктерден алыс болу керек. Себебі күнәлар мен Аллаһқа бойсұнбау біздерді Аллаһтың игілігінен мақрұм қалдырады, басымызға бәле-жала мен бақытсыздық түсуіне себеп болады Али Ибн Абу Талиб айтқандай( Аллаһ оған разы болсын):
مَا نَزَلَ بَلَاءٌ إلاَّ بِذَنْبٍ، وَ مَا رُفِعَ إلاَّ بِتَوبَةٍ
«Бәле жала мен бақытсыздықтың келуі — күнә себепті , ол олардың кетуі — тәубеге келу себемен».
Нух пайғамбардың (алейхи салям) қауымына қараңдаршы. Аллаһу Таъаля олар туралы:
مِّمَّا خَطِيئَاتِهِمْ أُغْرِقُوا فَأُدْخِلُوا نَارًا
«Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды»
(Құран, Нух сүресі, 71:25)
Сондықтан біздер Аллаһу Таъаляға шынайы, ықыласты тәубе келтіруімізбен бой ұсынуымызбен толық иман келтірген мүмин және салиқалы құл болуымызбен ризығымыздың көбеюіне себеп боламыз. Аллаһу Таъаля Өзінің салиқалы құлдарына қамқорлық жасайды да әрі оларға сый-сыяпаттар береді. Уа Аллаһтың құлдары, егер кім де-кім Аллаһу Таъаляның Ар-Роззақ екеніне иман келтірсе, бүкіл ризық Оның Қолында екеніне, және де адамның жаны тағдырымызға жазылған бүкіл ризықты жеп бітірмейінше өлмейтінін және де өзіне өлшеп берілген несібені алмайынша, осылардың бәріне кеміл иман келтірген адам ешқашан да Аллаһтың мейірімінен үмітін үзбейді. Керісінше, ол әрдайым Аллаһқа үміттенеді әрі Оған жақындауға тырысады және Оған ғана тәуекел етеді. Ол Аллаһу Таъляның құлдары Оған шын ықыласпен жалбарынып, қолдарын зор үмітпен көтеріп , Одан ризық несібе сұраған кезде, қолдарын бос қайтармай, дұғаларын қабыл ететінін біледі. Сондықтан, уа Аллаһтың құлдары , Аллаһқа зор үмітпен, кәміл сеніммен, Ода бар үлкен нығыметтердің бар екеніне ең күшті тырысумен асығындар, неге десеңіз, Аллаһ Таъаля ізгі нығметтері мен сыйларында ең ұлық.
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ
«Ал қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз, Мен өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, сұраушының тілегіне жауап беремін.»
(Құран, Бақара сүресі, 2:186)
Уа бауырлар, бірақ та, ол дегеніміз ешқандайда қимыл себепсіз амал істемесеңде болады деген емес, ол барлық қолдан келген амалын істеу керек. Ризық табатындай жұмыс жасап, әрекет ету деген. Сол туралы Құранда:
فَامْشُوا فِي مَنَاكِبِهَا وَكُلُوا مِن رِّزْقِه
Оның (жердің) жан-жағында (барлық тарабында) жүріңдер және Оның ризық еткенінен жеңдер.
(Құран, Мүлік сүресі, 67:15)
Яғни ризық іздеп әрекет ету керек , бірақ ешкім де ешқандай амалына, әрекетіне, жұмысына сеніп қалмауы керек.
Тек қана бір Аллаһқа сеніп, үміттеніп тек қана Одан сұрау керек.
فَابْتَغُوا عِندَ اللَّهِ الرِّزْقَ وَاعْبُدُوهُ
«Ризықты Аллаһтан іздеңдер, оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер.»
(Құран, Ғанкабут сүресі, 29:17)
Сонымен қатар, ризық іздеуде тек қан халал, мухаб болған, Аллаһтың рұқсат еткен жолдарымен іздеп, амал етуіміз керек.
Осы хұтпамыздың соңында, Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисін тыңдаңыздар. Хадисте:
إنَّ رُوحَ الْقُدُسِ نَفَثَ فِي رُوعِي، أَنَّ نَفْسًا لَنْ تَمُوتَ حَتَّى تَسْتَكْمِلَ أَجَلَهَا، وَتَسْتَوْعِبَ رِزْقَهَا، فَاتَّقُوا اللهَ، وَأَجْمِلُوا فِي الطَّلَبِ، وَلَايَحْمِلَنَّ أَحَدَكُمْ اسْتِبْطَاءُ الرِّزقِ أَن يَطْلُبَهُ بِمَعْصِيَةِ اللهِ، فَإِنَّ اللهَ تَعَالَى لَا يُنَالُ مَا عِنْدَهُ إلَّا بِطَاعَتِهِ
«Расында, Киелі Рух (Джибриль [оған Аллаһтың сәлемі болсын]) менің жүрегіме, ешбір жан осы өмірде өзінің белгіленген мерзіміне дейін өмір сүрмейінше және белгіленген ризық-несібесін тауыспайынша , өмірден өтпейтініне сенімді ұялатты».
Әрі Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты:
«Сондықтан Аллаһтан қорқыңдар, көркем түрде ризықтарыңды іздеңдер және сендердің ешқайсыларың Аллаһқа бойұсынбау арқылы ризық іздеуде сабырсыздық жетегінде кетпесін. Өйткені, Оның иелігіндегіні тек қана Оған мойынсұну арқылы ғана аласың (бағынбау арқылы емес)». (Шейх әл-Албани «Сахих әл-Джами ас-Сағыр, 2085»-те хадисті сахих деп атады).
Біз Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһтан тікелей жолды, оның бізге мәңгілік өмірімізбен (әхіретімізбен) және осы дүниелік өмірімізбен байланысты ризқ нәсіп етуін сұраймыз.