webadmin, Автор в Ислам нұры

Тозақ үстіндегі көпірден өту
Уа Аллаһтың иман келтірген құлдары, Аллаһтан қорқыңдар. Өйткені Аллаһтан қорқатын адамды Аллаһ барлық жамандықтан қорғайды және оны діні мен дүниелік өмірінде ең жақсыға бағыттайды. Өйткені Аллаһтан қорқу (таква Ллах) бәрін алмастырады, алайда Аллаһтан қорқуды ештеңе алмастыра алмайды. Ал Аллаһтан қорқу (ат-таква), бұл —

عملٌ بطاعةِ اللهِ على نورٍ من الله رجاءَ ثوابِ اللهِ، وترْكٌ لمعصية اللهِ على نورٍ من الله خيفةَ عذابِ اللهِ.

Аллаһ разы болатын істерді сауапқа үмітті болып Аллаһтан келген (берілген) білім негізінде жасау. Және бұл-Аллаһтың жазасынан қорыққан күйде Аллаһқа мойынсынбауды Одан келген (берілген) білім негізінде қалдыру.

Уа Аллаһтың құлдары, Есеп күнінде, Үкім күнінде адамзат алдында үлкен дүрбелең және қорқынышты соққылар тұр. Сондықтан Аллаһқа мойынсұнған әр адам иманы және салихалы амалдары түріндегі қормен қамдануы керек. Аллаһ (Ол Пәк әрі Ұлық) Құранда айтады:

وَتَزَوَّدُوا فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ

«Әрі қормен қамданыңдар. Ал, қордың ең жақсысы тақуалық. Менен қорқыңдар, уа ақыл иелері».

(Құран, «Бақара» сүресі 2:197)

Ей иман келтіргендер, адам өмір бойы өзінің жаман нәрседен құтқарылуына немесе, керісінше, жақсы нәрсеге қол жеткізуіне қуанады. Алайда біліңдер, біліңдер және әрқашан есте сақтаңдар, ең үлкен құтқарылу және ең ұлы жетістік, демек, әрқайсысымыз үшін ең маңызды мақсат-тозақ отынан аулақ болу және Тозақ отындағы азаптан аулақ болу. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ бұл туралы Құранда былай дейді:

فَمَن زُحۡزِحَ عَنِ ٱلنَّارِ وَأُدۡخِلَ ٱلۡجَنَّةَ فَقَدۡ فَازَۗ وَمَا ٱلۡحَیَوٰةُ ٱلدُّنۡیَاۤ إِلَّا مَتَـٰعُ ٱلۡغُرُورِ

«Кімде-кім Тозақ отынан алыс әкетіліп, Жәннатқа кіргізілсе, ол шынымен табысқа жетті. Ал бұл өмір бар болғаны — алдамшы пайдалану ғана».

(Құран, «Әли Имран» сүресі, 3:185)

Уа, Аллаһтың құлдары, бұл құтқарылумен ешқандай құтқарылу салыстыруға келмейді. Ешқандай бақыт бұл бақытқа ұқсамайды. Және де Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ біздің жүрегімізге осы ең басты, ең шешуші сәтке дайындалу үшін ең керемет талпыныс нәсіп етсін. Алайда мынаны да ескергендерің жөн, уа Аллаһтың құлдары, егер сендер осы бақытқа ие болсаңдар, бұл бақыттың алдында не бар екенін біліп, естеріңе сақтаңдар, өйткені бұл бақытқа бәрі бірдей ие бола бермейді. Бұл бақыттың алдында бәріміз, барлық адамдар үлкен соққыға ұшыраймыз. Сөзбен жеткізе алмас, үлкен үрей тудырар көріністі көруге тура келеді. Бізге, бәрімізге отты Жаһаннамды, алаулаған (лапылдаған) Тозақ отын көруге тура келеді. Барлығымыз, әрқайсымыз бұны көруге мәжбүр боламыз. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ осы туралы Құранда былай деген:

وَإِن مِّنكُمْ إِلَّا وَارِدُهَا ۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ حَتْمًا مَّقْضِيًّ ثُمَّ نُنَجِّي الَّذِينَ اتَّقَوا وَّنَذَرُ الظَّالِمِينَ فِيهَا جِثِيًّا

«Сендердің әрқайсыларың оған келесіңдер — бұл Раббыңның шешілген үкімі. Кейін, тақуа болғандарды құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізе бүккен күйінде қалдырамыз».

(Құран, «Мәриям» сүресі, 19:71-72)

Үлкен қуанышқа орай, иман келтіргендер үшін, муахидтер (бір Аллаһқа ғана құлшылық етушілер) үшін Тозаққа келтірілу, кәпірлердікі сияқты емес. Өйткені кәпір, ол не үшін Тозақ отына келеді? Бұл отқа мәңгілікке бату үшін. Азап шегу және мәңгі ғасырларға бейнет көру үшін. Иман келтіргендерге келетін болсақ, мұсылман үшін Тозаққа келу — көпірден өту дегенді білдіреді. Ас-Сырат деп аталатын көпірден өту. Ас-Сырат, бұл Тозақ жотасының үстінде, Тозақтың үстінде Қиямет күні орнатылатын көпір, және бұл қасиетті діни мәтіндерде көрсетілген. Ешкім осы қорқынышты, астында тозақ жалыны соғып, жанып, гүрілдеген көпірден өтпейінше қашып құтыла алмайды, ешкім жетістікке жете алмайды, жұмаққа кіру бақытына ие бола алмайды. Бұдан ешкім қаша алмайды.

Имам Муслим өзінің сахихында келтірген, Джабирден (Аллаһ Тағала оған риза болсын) келген хадисте, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

لَا يَدْخُلُ النَّارَ أَحَدٌ مِمَّنْ بَايَعَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ

لا يَدْخُلُ النَّارَ -إنْ شاءَ اللَّهُ- مِن أصْحابِ الشَّجَرَةِ أحَدٌ، الَّذِينَ بايَعُوا تَحْتَها

«Ағаштың астында ант бергендердің ешқайсысы Тозақ отына кірмейді (бұл Худейбия анты жайлы айтылады, иман келтіргендер Пайғамбарымызға (оған Аллатың салауаты мен сәлемі болсын), қауіп-қатерге қарамастан ант берген кездегі жайт)»

Бірақ Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) жары Хафса: «Ал Аллаһтың:

وَإِن مِّنكُمْ إِلَّا وَارِدُهَا

«Сендердің әрқайсыларың оған (Тозақ отына) келтірілесіңдер» деген сөздері ше?»

Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) оған былай деп жауап берді:

Ал сен Аллаһтың:

ثُمَّ نُنَجِّي الَّذِينَ اتَّقَوا وَّنَذَرُ الظَّالِمِينَ فِيهَا جِثِيًّا

«Кейін, тақуа болғандарды құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде (демек Жаһаннамда) тізерлеген күйінде қалдырамыз» дегенін естімедің бе?»

Уа Аллаһтың құлы, саған тозақ жотасының үстінен, Сырат көпірінің үстінен өтуге тура келеді. Шаштан жұқа, қылыштың жүзінен өткір көпір. Сол қорқынышты күні иман келтіргендерге осы көпірден өтуге бұйрық беріледі. Ал олардың осы көпірден өтуі өте әртүрлі болады, мүлдем бірдей емес.

Имам әл-Бухари мен Муслим (301) келтірген, Әбу Саид әл Худриден (Аллаһ Тағала оған риза болсын) келген хадисте, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

ثُمَّ يُضْرَبُ الْجِسْرُ عَلَى جَهَنَّمَ

«Содан соң отты Жаһаннамның үстіне көпір қойылады».

Адамдар: «Уа Аллаһтың Елшісі, бұл қандай көпір?»,- деп сұрады

Ол былай деп жауап берді:

دَحْضٌ مَزِلَّةٌ، فِيهِ خَطَاطِيفُ وَكَلَالِيبُ وَحَسَكٌ تَكُونُ بِنَجْدٍ فِيهَا شُوَيْكَةٌ يُقَالُ لَهَا السَّعْدَانُ، فَيَمُرُّ الْمُؤْمِنُونَ كَطَرْفِ الْعَيْنِ، وَكَالْبَرْقِ، وَكَالرِّيحِ، وَكَالطَّيْرِ، وَكَأَجَاوِيدِ الْخَيْلِ وَالرِّكَابِ، فَنَاجٍ مُسَلَّمٌ، وَمَخْدُوشٌ مُرْسَلٌ، وَمَكْدُوسٌ فِي نَارِ جَهَنَّمَ

«Бұл көпір сенбестей тайғақ. Онда жармасатын ілмектер және қатты тікенектермен бірге қисық инелер болады, ондайлар Надждеде бар және саадан деп аталады. Және бұл көпірден иман келтіргендер өтеді, біреу көру/қарау жылдамдығымен, біреу найзағай сияқты, біреу жел сияқты, біреу құс сияқты, біреу жылдам ат сияқты, біреу түйе сияқты. Және олардың арасында аман-есен қалып құтқарылғандар және ілгектермен жараланғандар, бірақ босатылатындар және Тозақтың отына құлайтындар да болады».

Осы хадисті айтқаннан кейін Әбу Саид Әл Худри: «Және маған бұл көпір шаштан жұқа және қылыштың жүзінен өткір екендігі жетті», — деп қосты.

Қараңыздар, бұл хадистен не түсіне аламыз? Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Cыраттан өтетін адамдар құтқарылатынына немесе құтқарылмайтынына байланысты үш топқа бөлінетінін айтады:

Бірінші топ — құтқарылған, аман қалған адамдар, оларға ешқандай залал тимейді. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ бізді осындай адамдардың қатарына қоссын.

Ал екінші топ — осы ілмектерден жараланып, жарақаттанған, бірақ төменге құлаудан, тозаққа құлаудан қашып-құтылған адамдар. Яғни, олар тозақтан құтылады, бірақ олармен болатыны болғаннан кейін.

Үшінші топ — бұл Жаһаннам отына құлайтын адамдар. Ұлы Аллаһ бізді ондайдан құтқарсын.

Уа иман келтіргендер, осы діни мәтіндермен таныс әр мұсылман адам, ол тозақтың үстінен өтетініне нақты сенімді болуы керек, ол сенімді болуы керек және ол күмән келтірмеу керек. Алайда әрқайсымыз не нәрсеге күмәндануымыз керек? Ол құтқарыла ала ма, құтқарылғандардың қатарынан бола алады ма? Міне осыған күмәндануы керек. Бұл — біздің міндетіміз. Тозақтың үстінен өту болатынына күмәнданбау, бірақ сен құтқарылғандардың қатарында боласың ба деп күмәндану. Демек, сіз бен біз, бәріміз, уа Аллаһтың құлдары, осы кезге дайындалуымыз керек. Осы сәтте қажет болатын нәрсені игі істерден жинақтауымыз керек. Уа Аллаһтың құлдары, сіз бен біз әрқашан бізді құтқарылғандардың қатарына, бірінші топтың қатарына, табысқа жеткендердің қатарына қоссын деп, бойсұнған күйде Аллаһ Тағаладан сұрап, дұға етуіміз керек емес пе? Егер біз бұл туралы Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһқа жалбарынсақ, шын мәнінде Аллаһ —құлдарының көңілін қалдырмайды, Оған сыйынғандардан, шын жүректен дұға еткендерден бас тартпайды. Және де, уа Аллаһтың иман келтірген құлдары, адам үшін, мұсылман үшін Сыратты еске алу қандай маңызды. Әрдайым Сыратты және Одан өтуді есте сақтау. Өйткені, егер адам Сыратты есінде сақтаса, онда бұл оны залалды күнәлардан алыстатады, салихалы амалдар жасауға үлкен талпыныс болады.

«Әз-Зухд» кітабында Ибн әл Мүбарак Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі — Абдуллаһ ибну Равах туралы осындай хабарлама келтіреді. Бірде Абдуллаһ бну Раваха жарының қасында болып, кенеттен жылап жіберді. Оның жылағанын көрген жары да жылай бастады. Ол одан: «Сен неге жылайсың?»,- деп сұрады. Ол: «Мен сенің жылағаныңды көріп, сол себепті өзім де жыладым», — деді. Содан кейін ол (сахаба): «Мен Аса Жоғарғы және Ұлы Аллаһтың сөздерін есіме түсірдім:

وَإِن مِّنكُمْ إِلَّا وَارِدُهَا

«Сендердің әрқайсыларың оған (тозақ отына) келтірілесіңдер»

Және де мен құтқарылғандардың қатарында боламын ба, жоқ па білмеймін».

СубханаЛлах (Пәк Аллаһ)! Қараңызшы, мұны кім айтады? Мұны Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ұлы, көрнекті сахабасы айтады. Ол: «Мен құтқарылғандардың қатарында боламынба, жоқ па» дейді. Ол көрнекті сахаба және тақуа, өзінің құтқарылуына сенімді емес болды. Ал сенде мұндай тыныштық қайдан бар? Сенде мұндай сенімділік қайдан бар?

Уа Аллаһтың құлдары, міндетті түрде Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһқа шынайы жалбарыну, шынайы Оған ұмтылу, Одан табандылықпен сұрау қажет.

Алайда бұл жеткіліксіз, Есеп күнінде, Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһпен кездесетің күнде құтқарылудың себебі болып табылатын жақсы істердің ішінен қолымыздан келетіннің бәрін жасауымыз керек.

Уа Аллаһтың құлдары, бұл дүниеде материалды емес, айғақ емес көптеген нәрселер Қиямет күні материалды және айғақ болатынын біліңдер. Сырат, бұл Жұмаққа жету үшін Тозақтың үстіне қойылатын көпір. Бұл Сырат — Аллаһтың осы әлемде жұмаққа қол жеткізгісі келетіндер үшін орнатқан «Тура жолдың» көрінісі. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ осы жолмен табандылықпен жүруге, оны қатаң ұстануға бұйрық берді. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ Құранда былай деп айтты:

وَأَنَّ هَٰذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ ۖ وَلَا تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِهِ ۚ ذَٰلِكُمْ وَصَّاكُم بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

«Осы Менің тура жолым, ендеше оған еріңдер. Және де басқа жолдарға ермеңдер, өйткені олар сендерді Оның жолынан ажыратады. Ол – Аллаһ сендерге мұны тақуалық етулерің үшін өсиет етіп тапсырды».

(Құран, «әл-Анам» сүресі, 6:153)

Және біз әр намазда, әр рәкәғатта Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһтан сұраймыз:

اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ

«Бізді тура жолмен жүргізе гөр».

(Құран, «Фатиха» сүресі, 1:6)

Сонымен бұл-иман келтіргендерге арналған, осы дүниеде орнатылған тура жол. Ол Қиямет күні мүміндерді жәннатқа өткізетін Сырат көпірі түрінде келеді.

Бұл өмірде көптеген залалды, күнә артатын құмарлықтар бар. Бұл араб тілінде «шәхават» деп аталады. Және де көптеген адасушылықтар бар, оны араб тілінде «шубухат» деп атайды. Бұл «шәхават» пен «шубухат», бұл құмарлықтар мен бұл адасушылықтар әрдайым адамды ұстап алып, оны тура жолдан бұрып, оны «Сыратал мұстақымнан» қандай да бір жаққа ауытқытып жіберуге қауіп төндіреді. Міне, осы құмарлықтар мен осы адасушылықтар, Қиямет күні өтіп бара жатқан адамдарды ұстап алатын, дәл сол үлкен ілмектерге, Сырат көпірінің шет-шетіндегі ілгектерге айналады.

Уа Аллаһтың құлдары, адамның осы дүниеде «тура жолмен» қалай жүргеніне байланысты, ол сол Сырат арқылы, Қиямет күні көпір арқылы өтуі де сондай болады. Мұнда тура жолмен ең жылдам жүргендер — сол жерде ең жылдам болады. Мұнда кім баяулады — сол жерде баяу қозғалады. Мұнда кім ауытқып кетті — ол сол жерде де ауытқып, Тозақ отына түскендердің қатарында болады. Аллаһ бізді одан сақтасын.

Бұл дүниеде кімді залалды құмарлықтар мен адасушылықтар (шәхават пен шубухат) басып алып, тікелей жолдан алшақтатса, Қиямет күнінде, көпірде де осы ілгектер олардың істері үшін оң жақтан да сол жақтан да жаралайды немесе Тозақ отына құлатады. Ал мұнда кім берік болды, кім құмарлықтар мен адасушылықтарға бойсұнбады, ол сол жерде аман қалып, құтқарылады.

Мен Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһтан сіз бен бізді құтқарылғандардың, тозақтан алыстатылғандардың, Сыраттан тез әрі берік жүріп өтіп, Жұмаққа кіретіндердің қатарынан етуді сұраймын.

Сообщение Тозақ үстіндегі көпірден өту появились сначала на Ислам нұры.

ÜŞ ULI NEGIZ
🔸Бұл еңбек — адам санасында жиі пайда болатын «Мен кіммін? Қайданмын? Мен не үшін осындамын? Кейін не болмақ?» деген сұрақтарға берілген жауап, әрі ол Ислам діні құрылған үш ұлы негіздің: бірқұдайшылықтың, әлемдердің Раббысының жолдауының және есепке тарту мен ізінен болатын сый-жазаның қысқаша түсіндірмесі. Ал оларды танып, қабылдаған адам екі дүние бақытына қол жеткізеді.

📘Қалаған адам бұл кітапты қайта басып шығара алады, алайда оны тек тегін таратуға ғана рұсқат етіледі.
ÜŞ ULI NEGIZ

📩Кітап бойынша сұрақтар үшін: t.me/IslamSupportBot

Сообщение ÜŞ ULI NEGIZ появились сначала на Ислам нұры.

МАХАББАТ КҮНІ
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

МАХАББАТ КҮНІ

(құтпа)

Уа Аллаһтың құлдары! Ислам қаумы (әхлә-л-Ислам)! Құран қауымы (әхлә-л-Қуръан)! Өзіме және сіздерге еске салғым келгені — бізге берілген ең басты және ең үлкен нығмет — Раббымыздың бізді өз дініне, Исламға бағыттағаны. Ол бізді иман қауымы етіп (әхлу-л-иман), асқақтатты. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) отбасыларды, адамдарды, ұлттар мен руларды былай деп сүйіншіледі:

أيُّما أَهلِ بيتٍ منَ العربِ أوِ العجمِ أرادَ اللَّهُ بِهم خيرًا أدخلَ عليهمُ الإسلا

«Кез-келген үй иелері, мейлі ол араб немесе араб емес болсын, егер Аллаһ оларға жақсылық қаласа, онда оларға Исламды кіргізеді»

(Ахмад (15917) және Ибн Мәжаһ (5956), шейх Муқбил оны сахих деген).

Аллаһтың сіздерге сыйлаған ұлы нығметі Исламды бағалаңдар және тірі кездеріңде одан мықтап ұстаныңдар және бұл үшін Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһқа көп алғыс пен мақтау айтудан шаршамаңдар. Осыған қуаныңдар! Осы діннің ережелерін оқып үйреніп, оларды орындаңдар! Бұл дінді нығайтыңдар, оны әлсіретпеңдер. Және Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһтың ең үлкен нығметі — ол сіздердің жүректеріңізге иманды сүйікті және күпірді жек көрінішті еткені екенін біліңдер. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ Құранда бізге осы нығметін есімізге салып, былай дейді:

وَلَكِنَّ اللَّهَ حَبَّبَ إِلَيْكُمُ الْإِيمَانَ وَزَيَّنَهُ فِي قُلُوبِكُمْ وَكَرَّهَ إِلَيْكُمُ الْكُفْرَ وَالْفُسُوقَ وَالْعِصْيَانَ

«Аллаһ сендерге иманды сүйікті етті және оны жүректеріңде көркемдеді, әрі сендерге күпірлік пен бұзықтықты және күнәларды жек көрсетті» («әл-Хужурат» сүресі, 49:7)

Содан кейін, уа Аллаһтың құлдары, имансыздық пен екіжүзділікті (нифақты) ұстанатын адамдар сіздерге қатты қызғаныш пен көреалмаушылық танытатынын біліңдер. Сіздер мұны түсінбейсіңдер, бірақ олар сіздерді көре алмайды. Олар Аллаһтың сіздерді осы хақ дінге әкелгенін көре алмайды. Олар сіздердің иман нұсқауларын орындауларыңды көре алмайды. Олар сіздерге Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ уәде еткен ұлы жетістікті көре алмайды. Олар Жәннат тұрғындары болатын иман иелеріне күйінішті көреалмаушылықпен қарайды. Сондықтан олар сіздерді діндеріңізден алыстату үшін кез келген тәсілдерді: сөздер мен істерді, арбау мен қорқытуды, қулық пен алдауды, әртүрлі күмәндар себу мен сіздерді шатастыруды, — бәрін қолданады. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ бұл туралы Құранда айтады, әрі Құранды шынайы оқитын адам мұны біледі. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ былай дейді:

وَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ كَمَا كَفَرُوا فَتَكُونُونَ سَوَاءً

«Олар өздері күпірлік еткендей, сіздердің де күпірлік еткендеріңді, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды» («ән-Ниса» сүресі, 4:89).

Уа Құран адамдары! Уа Ислам қауымы! Діндеріңізді мақтаныш етіңіздер, бастарыңызды жоғары ұстаңдар. Ұлылықты осы діннің ережелерін сақтауда іздеңдер. Егер сіздер бұл дінді шынайы ұстанатын болсаңыздар, сол арқылы ұлылыққа жетесіздер, сол арқылы қорлауға ұшырамайсыздар, әрі жүректеріңізбен, бірліктеріңізбен және күштеріңізбен нығаясыздар. Умар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) не айтқанына қараңыздаршы:

إنَّا كنَّا أذلَّ قوم، فأعزَّنا الله بالإسلام، فمهما نطلب العِزَّة بغير ما أعزَّنا الله به أذلَّنا الله

«Біз ең жеккөрінішті (қорланған) қауым едік, әрі Аллаһ бізді Ислам арқылы жоғарылатты. Әрі егер біз ұлылыққа Аллаһтың бізді жоғарылатқан нәрсесі арқылы емес, (басқа тәсілмен) жетуге тырысқан сайын, Аллаһ бізді қорлауға ұшыратады» (әл-Хаким (1/130), әл-Әлбани хабарды сахих деді).

Біз ұлылықты Исламнан емес, басқа нәрседен іздеген сайын, қорлауға ұшырай береміз, уа Аллаһтың құлдары.

Уа Ислам иелері, айналаңыздағы адамдар сіздерге және сіздердің діндеріңізге мұқтаж екенін біліңдер. Олар сіздерге өздерінің дүниелік өмірі мен мәңгілік өмірі үшін мұқтаж, сондықтан бақыл болмаңыздар, дінге шақыру ісіне сараңдық жасамаңыздар! Адамдарды дінге шақыру мәселесінде жомарт болыңыздар, олар сіздерді қажет етеді және сіздерге мұқтаж. Сіздер өз діндеріңізде ешқандай ойдан шығарылған пікірлер мен көзқарастарда мұқтаж емессіздер. Сіздер ешқандай бидағаттарға да мұқтаж емессіздер. Сіздер кәпір болған біреудің соңынан еругe тіпті мұқтаж емессіздер. Сіздер діндегі негізі жоқ, ойдан шығарылған бидғат болған мерекелерді ұйымдастыруға да мұқтаж емессіздер. Сіздер кәпірлердің, азғындардың және нәпсіқұмарлардың мерекелеріне мұқтаж емессіздер, өйткені осы дін — толық, ал сіздер бұлардың ешқайсына мұқтаж емессіздер.

Алайда, өкінішке орай, бүгінгі күні көптеген мұсылмандар — ерлер де, әйелдер де — адамдарға ықпал етудің, оларға осы діннің нығметін түсіндіріп, оларды осы діннің нұсқауларына үйретудің орнына, өздері осы діннің жауларының әсері мен ықпалына ұшырап жатады. Олар адамдарға нақты, хақ дәлелдер негізінде, жұмсақтықпен, абыроймен Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһтың дінін түсіндірудің орнына, керісінше, өздері күпірлік иелерінен, залымдардан, екіжүзділердің тарапынан шабуылға ұшырап, олардың шақыруларына жауап береді және олардың сөздері мен әрекеттерінің әсеріне ұшырайды, және оларға еліктеп, бұл дінді әлсіретеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бізге бұл ащы шындық туралы ескертіп, былай деп айтқан:

لَتَتَّبِعُنَّ سَنَنَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ شِبْرًا بِشِبْرٍ وَذِرَاعًا بِذِرَاعٍ حَتَّى لَوْ دَخَلُوا فِي جُحْرِ ضَبٍّ لَاتَّبَعْتُمُوهُمْ

«Сендер өздеріңе дейін болғандардың жолына қадам ба қадам қарыс-қарыс (ауытқымай) түсесіңдер, тіпті егер олар кесірткенің ініне кірсе де, сіздер де [солармен бірге] де оған кіресіңдер».

Сонда адамдар таң қалып:

يا رَسُولَ اللَّهِ، اليَهُودَ وَالنَّصَارَى؟

«Уа Аллаһтың Елшісі, яғни біз яһудилер мен христиандардың соңынан (ілісеміз) бе?», — деп сұрады.

Пайғамбар (оған Аллаһтың салауатымен сәлемі болсын) оларға:

فَمَنْ؟

«Ал басқа кімнің?» — деді (әл-Бухари (3456)).

Таң қаларлығы — мұсылмандарды Ислам ұлы етіп, оларды Аллаһтың мейірімі мен тура жолға шақырушылар етті, ал олар күпірлік иелерінің тұтқындарына айналып, олардың әдет-ғұрыптарына, мінез-құлықтарына, мерекелеріне, өмір салттарына еліктейді.

Уа Ислам иелері! Біз жыл сайын осы уақытта, ақпан айының ортасында, 14-ақпанда, бұқаралық ақпарат құралдарының жағынан, олардың барлық көрінісінде, интернеттегі сайттарда, әлеуметтік желілерде, сауда желілерінде, дүкендерде, жарнамаларда — яғни түгел барлығында, кәпірлердің мерекесі болып табылатын Валентин Күніне шақыратынын көреміз. Бұл мереке қазіргі орын алған бұзылып бүлінудің үстіне одан сайын бүліну қосып қана қоймай, сонымен қатар онсыз да жойылуға жақын таяп қалған ұят пен тазалықты одан сайын әлсіретеді, және діннің жаулары бұл мерекені, адамдарды көркем есімдермен алдап шатастыру үшін, айламен Махаббат күні немесе Ғашықтар күні деп атайды. Алайда бұндай сәндеу — шайтанның қолданатын тәсілдерінің бірі болып табылады, әрі ол әрқашан жиіркенішті нәрселерді безендіріп, сәндеп, оларды әдемі есімдермен атайды. Ол опасыздарды шыншыл-сенімділер деп, ал тура жолдан адастырушыларды тура жолға нұсқаушылар деп атайды. Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ шайтанның бұл әдетін бізге түсіндірген, өйткені шайтан біздің арғы атамыз бен анамыз болған Адам Атаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) және Хаууа Анамызға: «Мен сендерге шынайы насихатшымын», — деп, оларды Жәннаттан шығару үшін ант берді. Аллаһ Тағала былай деген:

وَقَاسَمَهُمَا إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ النَّاصِحِينَ

«Әрі (шайтан) ол екеуіне: “Мен сен екеуіңе шынайы кеңес берушілерденмін [яғни мен шынымен сен екеуңе жақсылық тілеймін]”, — деп ант етті» («әл-Әғраф» сүресі, 7:21).

Уа Аллаһтың құлдары, уа Ислам қауымы! Уа Құран мен Сүннет иелері! Мұсылман ер мен мұсылман әйел бұл Махаббат күні (Ғиду-л-хубб) немесе басқаша аталатын мерекені, атап мерекелеуге құқылы емес. Бұл мерекемен құттықтауға болмайды, бұл мерекеге арнап сыйлық беруге болмайды, қандай да бір ерекше киім киюмен, немесе гүл сыйлаумен, немесе арнайы сөздер айтумен, немесе бір хаттар, хабарламалар жіберіп, бұл мерекені ерекшелеуге болмайды. Үйлеріңді және бөлмелеріңнің бірін жүрек түріндегі эмблемалармен безендіруге және т. б. сол сияқты іс-әрекеттер жасауға болмайды. Мұның бәрі кәпірлердің әдет-ғұрыптарынан. Бұл олардың адасушылықтарын таратуды және олардың әсеріне ұшырауды білдіреді. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бұған қатаң тыйым салды, ол өз үмметін бұл нәрселерден өте қатаң сақтандырып, былай деді:

وجُعِلَ الذُّلُّ والصَّغارُ على من خالفَ أمري ، و من تشبَّه بقومٍ فهو منهم

«Менің әміріме қайшы келгендерге қорлық пен кемсіту түссін. Ал кім әлдебір қауымға еліктесе — сол солардың бірі болады» (әл-Бухари муғалләқ түрінде (2914 хадистің алдында) және Ахмад (5667), шейх әл-Әлбани оны сахих деп атады).

Ибн Касир (Аллаһ оған рақым етсін) былай деді: «Мұнда қатаң тыйымға [айқын] нұсқау келген және кәпірлерге: олардың сөздерінде, әрекеттерінде немесе мерекелерінде немесе ғибадат етулерінде және оларға тән басқа ерекшеліктерде -еліктеудің үлкен қауіптілігі туралы айтылған».

Уа Аллаһтың құлдары, тіпті егер бұл мерекені мұсылмандардың бірі ойлап тапқан болғанда да, біз: «Оны тойлауға болмайды, өйткені бұл қорқынышты күнә және бұған тыйым салынған (харам)», — деп айтар едік. Ал енді оны күпірлік адамдары ойлап тапқан болса, онда не айтуға болмақ? Егер бұл мерекені мұсылмандар өздері жаңадан енгізген болса да, бұл харам болар еді, өйткені Пайғамбарымыз (оған Аллаһтын салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқан:

مَن أَحْدَثَ في أَمْرِنَا هذا ما ليسَ منه، فَهو رَدٌّ

«Кімде-кім біздің бұл дінімізге онда жоқ бір нәрсені енгізсе, ол қабылданбайды» (әл-Бухари (2697).

Ол тағы да былай деген:

كلَّ بدعةٍ ضلالةٌ

«Кез-келген бидғат — бұл адасушылық» (Муслим (867).

Кейбіреулер: «Бірақ бұл дүниелік мәселелерге қатысты мәселе ғой, оның дінге ешқандай қатысы жоқ қой!», — деп жатады. Жоқ, уа Аллаһтың құлдары! Кез-келген мереке өз негізінде ғибадат болып табылады. Мереке – бұл сіз қуанатын күн, мұсылман адам үшін «ғийд» — мереке — бұл Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһқа жақындататын нәрсе, бұл ғибадат (ғибада).

Бұл адамның ұстанатын діннің бөлігі, сондықтан мұсылман адамда Аллаһ Тағала біз үшін орнатқан мерекелерден басқа мерекелер болуы мүмкін емес. Біз Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) Мединаға келгенде адамдардың екі күнді тойлап мерекелеп, осы екі күнде көңіл көтеріп жатқанын көргенін айтқанбыз. Ол (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл сендер атап өтетін екі күн не?» — деп сұраған болатын. Олар: «Біз бұл мерекелерді (бұл күндерді) [Наурыз және Махражан] исламға дейінгі жәхилиет-надандық дәуірінде атап өтетінбіз», — деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) оларға:

إِنَّ اللَّهَ قَدْ أَبْدَلَكُمْ بِهِمَا خَيْرًا مِنْهُمَا: يَوْمَ الْأَضْحَى ، وَيَوْمَ الْفِطْرِ

«Расында, Аллаһ сендерге бұл күндерді одан жақсы екі күндеріңмен алмастырды. [Бұл] Құрбан айт (әл-Адха) және Ораза айт (әл-Фитр)» (Абу Дауд (1134), ән-Нәсаи (1556) және Ахмад (12006), шейх әл-Әлбани оны сахих деп атады).

Уа Ислам қауымы, ең соңында біз сіздерге еске салғымыз келгені — бұл мерекені атап өту тек қана өзіңізге ғана қатысты тыйым емес, сонымен қатар сіз үшін мұсылман еместерге немесе мұсылмандарға оны тойлауға көмектесуге де болмайтыны. Қандай да бір жолмен оны нығаюына және күшеюіне, қандай да бір жолмен адамдарды осы күннің ерекшеліктерінде қолдауға, біреуді осы мерекемен құттықтауға немесе қандай да бір сыйлықтар беруге, оларға арнап қандай да бір ашықхат-открытқалар басып шығару, осы мерекеге байланысты заттар жасау немесе қандай да бір эмблемалар салу немесе қандай да бір киім тігу, немесе бұларды сату, немесе осыған арналған арнайы заттарды, немесе гүлдерді, немесе жүректерді, немесе осы мерекеге тамақ дайындап және оны сату — бұның бәрі тыйым салынған (харам)! Осындай істермен қол жеткізілген табыс та тыйым салынған — харам, өйткені Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһ бізге бұған қатаң тыйым салып және қатаң түрде ескертіп, былай деді:

وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

«Бір-біріңе күнәда және қылмыста (дұшпандықта) көмектеспеңдер. Және Аллаһтан қорқыңдар, ақиқатында, Аллаһ жазалауда қатал»

(«әл-Мәида» сүресі, 5:2).

Құтпаның алынған дереккөзі: «islam.clic» сайты

Қазақ тіліне аударған аталған сайттың аудармашылар тобы

1445/2024 ж.

МАХАББАТ КҮНІ

Сообщение МАХАББАТ КҮНІ появились сначала на Ислам нұры.