Рамазанның соңғы 10 күні
Ей, ораза ұстаушылар! Рамазанның күні мен түндері өтуде. Ал бұл бақытты сәттер тез өтіп кетеді. Біз қазірдің өзінде сол сәтке жақындап қалдық және осы айдың ең жақсы уақытының қарсаңында тұрмыз. Бұл рақым (береке) және кешірім айында ораза ұстап, дұға еткендердің ең бақытты сәттері. Жалпы бұл, бір жылдың ең бақытты күндері мен сәттері шығар. Ей, ораза ұстаушылар! Рамазан айының осы соңғы күндерінде қасиетті он түн бар. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл түндерге ерекше дайындалған. Ей, мүминдер! Бұл түндер қаншалықты үлкен, каншалықты ұлық және маңызды. Аллаһу Таъаля бұл түндерді ұлы ерекшіліктерге бөлеген. Бұл әдетте жылдың ең жақсы және ең керемет түндері. Аллаһу Таъаля бұл түндермен Құранда ант еткен:
وَالْفَجْرِ. وَلَيَالٍ عَشْرٍ
«Таң мен он түнмен ант етемін»
Фаджр сүресі -89; 1-2 аят
Ғалым-ғұламалар бұл он түнді Зуль-хиджжа айының алғашқы он күні мен Рамазан айының соңғы он түніне жатқызады. Алдыңғы өткен (ізгілердің бірі) Әбу Осман ән-Нахди былай деген:
قال أبو عثمان النَّهْدِيُّ -رحمه الله-: كَانُوا يُعَظِّمُونَ ثَلاثَ عَشَرَاتٍ: الْعَشْرَ الأُوَلَ مِنْ ذِي الْحِجَّةِ، وَالْعَشْرَ الأَخِيرَ مِنْ رَمَضَانَ، وَالْعَشْرَ الأُوَلَ مِنَ الْمُحَرَّمِ
«Бұрынғылар үш он күнді ұлықтады: бұл мухаррам айының алғашқы он күні, зуль-хижжа айының алғашқы он күні және Рамазан айының соңғы он түні».
Ей, ораза ұстаушы! Аллаһу Таъаля сені құрметтеп, осы түнге дейін өмір сүруіңе нәсіп етсе, мүминге осы он түннің рақымдылығын пайдалану қажет. Осы он түнде өзіңді Аллаһу Таъаляға жақсы етіп (хайырлы) көрсет.
Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы соңғы он түнде басқа уақыттарда ыждағаттылық жасамағаны сияқты ғибадатқа да ынталы болды. Бұл туралы жұбайы Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді:
كانَ النبيُّ صَلَّى اللهُ عليه وسلَّمَ إذَا دَخَلَ العَشْرُ شَدَّ مِئْزَرَهُ، وأَحْيَا لَيْلَهُ، وأَيْقَظَ أهْلَهُ
«Соңғы он түн келгенде, Пайғамбар ( солляЛлаһу ъаляйһи уасаллям) изарын мықтап байлап, түнін жандандырып және отбасын оятатын».
Бухари (2024), Муслим (1174)
— «изарын мықтап байлады» — яғни дүние қызықтарынан алыстады.
— «түнін жандандырды» — яғни ғибадатпен ояу өткізді.
— «отбасын оятты» — яғни, Аллаһу Таъаляға құлшылық ету үшін.
Және ол былай деді:
كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم يَجْتَهِدُ فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي غَيْرِهِ
«Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соңғы он түнде ғибадатқа ынталы болғаны сияқты, басқа уақытта ондай ынталы болмаған»
Муслим (1175)
Бұл сонғы он түн, алдыңғы жиырма түннен өзгеше. Рамазан айының осы соңғы он түнінде, жұма намазы оқылатын мешітте, «әл – иътикаф» сынды ғибадат бар.(في المساجد الجامعة).
Бұл дінде монастырлық пен оқшаулану жоқ, — бірақ дінімізде иътикаф бар. Ол – адам өзін, өзінің рухына, жүрегіне бағыштау үшін Аллаһтың мешітінде қалып, дүниелік уайымдар мен мәселелерден алыстауы. Пайғамбарымыз (солляЛлаһу ъаляйһи уасаллям) иътикаф жасады және оның сахабалары да онымен бірге және одан кейін де иътикаф жасады. Бұл он түн ғибадатымызды қайта қарауға, ой жүгіртуге және өзіңізге есеп беруге мүмкіндік береді. Бұл он түннің уақыты, сізге иманның жігерін жинау үшін, әрі қарай жыл бойы жақсылық жасауды жалғастыруға себеп.
Сонғы он түн – бұл сіз үшін олқылықтарыңызды түзетуге сол 20 күнде жіберіп алған нәрселерді қайтаруға мүмкіндік береді. Бірақ мойындаңызшы, осы 20 күн ішінде сіздің тарапыңыздан қаншама қателіктер болды? Каншама немқұрайлық, намаз бан ғибадатқа селқос қарау? Тіл арқылы қанша күнә істедің? Міне бұл он түн түзету, жоғалтқан уақыттың орнын толтыру мүмкіндігі.
Ей мүминдер! Осы он түндегі ең ұлық нәрселердің, ең үлкен ғибадаттардың ішінде, біз осы он түнде іздейтін Қадір түні бар. (Ләйләтуль –Қадр). Аллаһу Таъаля бұл түнді ұлықтап, былай деді:
وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ. لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ. تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ. سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ
«Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан хайырлы. Періштелер және Жебрейіл (ъаляйһис салям) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады».
Қадір сүресі -97; 2-5 аят
Бір түнгі құлшылық мың айлық құлшылықтан да хайырлы.
- Бұл түнде Аллаһу Таъаля адамдарға тура жол көрсетуші ретінде Құранды түсірді.
- Бұл түнде адамға бір жылға алдын — ала белгіленген нәрселер жазылады; өмір ұзақтығына байланысты және оның ризығына байланысты нәрселер.
- Бұл түнде ризығы мен күнкөріс несібесі бекітіледі.
- Бұл түнде ғибадаттың сауабы керемет түрде еселенеді.
- Бұл түнде жақсылықтар мен береке өте көп болғандықтан, аспан періштелері жерге түседі. Аллаһу Таъаля былай деді:
— حم. وَالْكِتَابِ الْمُبِينِ. إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُّبَارَكَةٍ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ. فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ
«Ха. Мим. Анық Кітаппен ант етемін! Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп сақтындырамыз. Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді».
Духан сүресі -44; 1-4 аят
Әбу Сағид әл -Худри былай дейді: «Бірде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына былай деген.
«Рамазанның алғашқы он күндігін иътикаф күйінде өткіздім, одан кейін Рамазанның 2-ші он күндігін де сол иътикаф күйінде өткіздім. Сосын олар маған келіп айтты (яғни періште Пайғамбарымызға келгені жөнінде), Қадір түні соңғы он түннің ішінде екен деп. Ендеше сендерден кім иътикаф қылғысы келсе, оны осы он түнде жасасын». Сосын адамдар онымен иътикаф жасай бастады.
Бұл хадистен өте маңызды қорытынды жасауға болады. Ең маңызды нәрсе – Қадір түнін іздеу. Оған немқұрайлы қарамай, оны іздеңдер. Иътикаф жасайтындар да, жасамайтындар да осы түнді іздеп, сол түндерде Аллаһу Таъаляға өзіңнің хайырлы екеніңді көрсет.
Мен өзіме де, сендерге де серт етемін. Бұл түндерді жіберіп алмаңыз! Оларды пайдасыз, бос әңгімеге, қалжыңға, той -томалаққа жұмсау арқылы жоғалтып алмаңыз! Бұл мейрам айы емес, ас ішу айы емес! Бұл ғибадат айы!
Қаншама адамдарды көресіз. Аллаһты зікір етіп, қолдарын көтеріп (дұға үшін) Аллаһтан сұраудың орнына сөйлеседі, қатты айтқаным үшін кешірім сұраймын, мылжыңдайды. Бұның басқа уақыты бар, қазір емес. Пайғамбарымыздан (солля Ллаһу ъаляйһи уасаллям) соңғы он түнде Қадір түнін іздеуді бұйырған және ынталандырған және былай дегені сенімді түрде жеткізілді:
تَحَرَّوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ
«Қадір түнін Рамаданның сонғы он түнінде іздеңдер»
Бухари (2020) және Муслим (1169)
Бұл дегеніміз -осы он түнде Аллаһу Таъаляға құлшылық етуге қатты тырысу керек деген. Аллаһу Таъаля осы он түннің қайсысында Қадір түнінің келетінін бізге айтлаған және нұсқамаған. Бұл міндетті түрде 27-ші түн деп ойлайтындар қателеседі. Бұл он түннің кез -келген түні болуы мүмкін. Сондықтан түндерді түнгі намаздармен (қиямул -ләйл), Аллаһты зікір ету және Құран оқу арқылы әр түрлі ғибадат түрлерімен Аллаһқа ұмтылу арқылы жандандырыңыз.
Жаратушыңа құлшылық ету үшін жан дүниеңмен, нәпсіңмен күрес. Ал осы он түндегі ғибаттардың ең ұлысы -жамағаттағы имаммен, мұсылмандармен бірге оқыған түнгі намаз. Өйткені Пайғамбарымыз (салляАлаһу ъаляйһи уасаллям) былай деген:
من قام مع الإمامِ حتى ينصرفَ كتب له قيامَ ليلةٍ
«Егер де адамдар, имам намазын аяқтағанға дейін бірге намаз оқыса, онда ол кісіге түні бойы намаз оқығандай жазылады» Ән –Насаи (1364)
Хадистің сенімділігін Әбу Иса ат -Тирмизи, ибн Хузейма, ибн Хиббан және әл-Әлбани растаған.
Егер имаммен соңына дейін тұрсаң, онда бүкіл түнді намазбен өткізген сияқты боласың. Көпшілігіміз білетін, бірақ оның мәніне терең түсініп қарайтындар аз болған хадисте:
مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ
«Кімде –кім Қадір түнін сеніммен және сауабын Аллаһтан үміт етіп құлшылықпен (намазбен) өткізсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі»
Әл –Бухари (1901) және Муслим (759)
Сондықтан, ендігі кезде бейқам адамға (ғаафиль): Ей, қашанға дейін бейқам боласың, қашан бет бұрасың?! Не күтіп тұрсың?! Бұл бейқамдықтың арты не болады деп ойлайсың?! Бұл сізге ақырында бейқамдықтың ұйқысынан оянып, осы он түннің рақымдылығын Аллаһқа тәубе ету үшін және Жаратушыға жалбарыну үшін пайдалану мүмкіндігі. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған исілігі мен сәлемі болсын) үйреткен сол маңызды дұғаға мән беруіміз керек. Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын) хадисінде айтылғандай:
رَأيْتَ إنْ عَلِمْتُ أيُّ لَيلَةٍ لَيْلَةُ القَدْرِ مَا أقُولُ فِيهَا؟ قَالَ: قُولِي: اللَّهُمَّ إنَّكَ عَفُوٌ تُحِبُّ
العَفْوَ فَاعْفُ عَنّي
«Егер де мен түндердің бірі Қадір түні екенін білсем, онда бұл түнде не айтайын? – деп сұрағамда, ол (салляЛлаһу ъаляйһи уасалләм): «Уа, Аллаһым, расында Сен Кешірімді, Мейірімдісің, кешіруді, мейірімге бөлеуді жақсы көресің, кешіре гөр және рақым ете гөр!» деп үйретті». (Аллаһмма, иннәкә ъафууун, тухиббуль ъафуа фаъру ъаннии).
әт–Тирмизи (3513), ибн Маджа (3119), Ахмад (6/171) жеткізген.
Ей, Аллаһтың құлдары! Аллаһтан (Ол Пәк әрі Ұлы) мына нәрсені көбірек сұраңыз: «Аль—ъафа» — «мейірім» — Аллаһ сізді азаптан құтқару үшін. Бұдан артық не болуы мүмкін?! Бұл түнде әрбір хикметті бұйрық белгіленіп, бөлініп, келесі қаситеті түнге дейін не болатыны жазылады. Ал кім осы түнде Аллаһтың мейіріміне ие болса, расында ол зор пайдаға кенелген болады.
Біз Аллаһтан Оның ең көркем есімдері мен ұлы сипаттары арқылы баршамызға осы он түннің берекесін пайдалануға жәрдем етуін, Ол бізге Өзін ең жақсы түрде еске алуымызды және Оған көркем түрде құлшылық етуімізді және Оған шүкір етуімізді нәсіп етуін сұраймыз.